Павлодар облысында өрт кезінде сәби көз жұмды
Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жеке меншік үй жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
– Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде, – дейді департаментте.
Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды.
Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.