Павлодарда әйел үшінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда әйел үшінші қабаттан құлап кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар зардап шеккен тұрғынды дүкеннің кіреберіс қалқасынан түсірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда 1961 жылы туған әйел абайсызда тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, дүкеннің кіреберіс қалқасына түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сатының көмегімен зардап шеккен әйелге көтерілді.

Құтқарушылар альпинистік жабдық пен арнайы зембілді пайдаланып, әйелді қауіпсіз жерге түсірді.

Құтқару операциясынан кейін зардап шеккен тұрғын жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.