Елімізде 10 мыңнан астам учаскеде дауыс беру басталды

Елімізде 10 мыңнан астам учаскеде дауыс беру басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Дауыс беруге 12 миллионнан астам адамның құқығы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық референдум комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елордалық комиссиялардың деректеріне сүйене отырып, еліміздегі барлық 10 388 учаскеде дауыс беру процесі басталғанын мәлімдеді. 

- Ашық учаскелер сағат 07:00-де ашылса, жекелеген 92 учаскеде дауыс беру сағат 06:00-де басталды, - делінген хабарламада.

Дауыс беру құқығы бар азаматтардың жалпы саны - 12 461 796 адам. Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 54 мемлекетте 71 учаске ұйымдастырылды.

Азаматтардың өтініші бойынша барлығы 17 514 есептен шығару куәліктері берілді.