Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында көркем жүзуден чемпион атанды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында көркем жүзуден чемпион атанды
Фото: @qaz_olympics

Cпортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Kazinform

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.

Ел құрамасы сапында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.