«Ертіс орманы» аумағында өрт қауіпті кезең басталды
Табиғи резерватта абай болуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» табиғи резерваты облыс аумағында өрт қауіпті кезеңі басталғаны жайлы хабарлады. Осыған байланысты резерваттықтар орман өртіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды:
жанып тұрған темекі қалдықтарын, сіріңкені тастауға;
шыны заттарды қалдыруға;
арнайы жабдықталмаған жерде автокөлікті қоюға;
майланған немесе жаңғыш заттармен сіңген материалдарды тастауға;
Сондай-ақ жас қарағай көшеттерінің жанында, кепкен шөптер бар жерлерде, бүлінген орман учаскелерінде от жағуға тыйым салынады.
Еске сала кетейік, өткен жылы резерватта орын алған өрттердің көбі найзағай салдарынан орын алған. Жалпы 133 өрттің 127-сі аталған себептен болған.