Павлодарда әлеуметтік патруль жоспарлы рейдке шықты

Павлодарда әлеуметтік патруль жоспарлы рейдке шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік қызметкерлер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектеседі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Сәтбаев, Айманов көшелері және Химқалашық шағын аудандарында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсету мақсатында қайта әлеуметтендіру орталығының әлеуметтік патрульдік мобильді қызметі жоспарлы рейд өткізді.

–  Рейд барысында тұрмыс жағдайы қиын бес адам анықталып, оның үшеуі орталықта тұруға ниет білдірді. Орталықта уақытша тұру, медициналық көмек алу және одан әрі әлеуметтік бейімделу қамтамасыз етіледі, – дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде.

Жыл басынан бері әлеуметтік патруль 31 адамды анықтап, орталыққа жеткізді. Қазіргі таңда орталықта 113 қызмет алушы тұрады.