Павлодар облысы су айдындарында тоғыз адам қаза тапқан

Павлодар облысы су айдындарында тоғыз адам қаза тапқан
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның ішінде екеуі – кәмелетке толмағандар, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТЖД қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және азаматтардың арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында белсенді түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Күн сайын адамдар көп жиналатын орындарды тексереді, әңгімелер мен түсініктемелер жүргізеді. 

–  Атқарылып жатқан белсенді жұмыстарға қарамастан, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан тоғыз  адам қаза тапты, оның ішінде екеуі – кәмелетке толмағандар. Жүргізілген талдау нәтижесінде қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде шомылу, ішімдік ішу және балаларды қараусыз қалдыру болып табылады, – дейді облыстық ТЖД-де.

Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша жыл басынан бері 49 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.