Ертіс-Успен каналы төрт жылдан кейін іске қосылады
Алайда әзірге толықтай жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов мәлім етті.
– Биыл «Қазсушар» хабарлағандай, жоба толығымен қаржыландырылды. Жыл соңына дейін Ертіс-Успен каналы іске қосылады деп күтудеміз. Біз вегетациялық маусымға қарай шілдеде су арнаға түседі деп жоспарлап отырмыз. Біз бұл мәселені шешудің жолдарын іздейміз. Негізгі сорғы іске қосылмаса да, арнаны кем дегенде жарты жолға толтыру үшін дизельдік сорғы арқылы суды беру керек, – дейді Мұрат Хамитов.
Ұзындығы 12,5 шақырымды құрайтын арна облыстағы суару алқабын он мың гектарға ұлғайтуға қауқарлы. Соның арқасында шаруалар жем-шөп алып, бағаны тұрақтандыру арқылы жергілікті нарықты көкөніспен толтыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, облыста каналдың құрылысы 2020 жылы басталған. Екі жылдық жобаны «Қазсушар» қолға алды. Олар арнаны ертерек – 2021 жылы ашқысы келген, бірақ пандемия кезінде ақша түсуді тоқтатып, жоба бірнеше жыл бойы тоқтап қалды. Құзырлы органдар мен министрлік мәселені шешіп жатқанда нысан эрозияға ұшырады – шөп басып, құмға толып қалды. Қаржыландыру қайта басталған кезде каналды пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға шегерілді.