10 қазанда Павлодар облысында суық ауа райы сақталады
Жел солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы 7–12 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша, облыста түнде ауа температурасы 0…+5 градус болады. Оңтүстік бөлігінде -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Күндіз сынап бағаны +9…+14 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсуі ықтимал.
Павлодар қаласында түнде +2…+4 градус, күндіз +10…+12 градус болады. Аспанды көшпелі бұлт торлап, жауын-шашын күтілмейді.