Павлодарда премьера! «Ұждан» қойылымы көрсетіледі

Павлодарда премьера! «Ұждан»  қойылымы көрсетіледі

Қойылым екі күн қатарынан ұсынылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында көрермендерге ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай ақынның «Ұждан» әңгімесінің желісі бойынша «Ұждан» қойылымының премьерасы көрсетіледі.

Басталуы: 24 наурыз күні сағат 18:30-да және 25 наурызда 17:00-де. 

Қазақтың ұлы данышпан ойшылы Шəкəрім Құдайбердіұлы қазақ философиясында ар, ұят, ынсап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған. Ол өз философиясында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, əділет. Бұл - екі өмірге де керек іс, жанға азық болатын құндылық.  

Режиссері - Азамат Нигманов /Мәскеу/ 

Сахна, киім бойынша жауапты - Элли Раншэ /Франция/  

Пластика бойынша жауапты - Илья Подчезерцев /Мәскеу/   

Жарық түсіруші - Данияр Сатыбалдиев /Алматы/  

Сахналау - Нұркен Тұрлыбек