Павлодардың бас сахнасында жаз қалай аяқталады?

Ertis Promenade-та қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
27 тамыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Павлодар на спорте» атты түрлі форматтағы жаттығулар өткізіледі.
28 тамызда сағат 18:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысатын «Ата заңым – айбыным» атты концерттік бағдарлама ұсынылады.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған. Таңғы 9:00-10:00 аралығында «Павлодар на спорте» жаттығулары жалғасады. Кешкі сағат 19:00-де мерекелік концерттік бағдарлама басталады.
31 тамыз күні сағат 19:00-де «ВОО» тобының концерті өтеді.