Павлодар ауданында жайылым жер тапшы
Тұрғындар жайылымда тек төлдейтін малды бағуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл Ақсу, Екібастұз қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Май аудандарының жерлерінде шөп егу жұмыстары жүргізілді. Шөп өсірудің ең жақсы нәтижесі Шарбақты ауданында байқалды. Онда 667 гектар жерге бидайық егілді.
Бұл аумақтарда шөп егудің ең басты себебі – қоғамдық жайылымдардың тапшылығы. Бірақ осы мәселе Павлодар ауданына көбірек әсер етті. Чернорецкий, Жаңақала, Мичурин және Черноярка ауылдарының тұрғындары қиналуда. Бұл туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Мұрат Хамитов айтты.
– Павлодар облысындағы жайылымдық жердің жалпы көлемі 8 миллион гектар болса, біз оның 500 мың гектарын ғана қамтамасыз ете аламыз. Бірақ ауданның тұрғындарына бере алатын жерлер алыс болғандықтан, адамдар осындай ұсыныстан бас тартуға мәжбүр.
Тарихқа сүйенсек, КСРО кезінде де Павлодар ауданы негізінен көкөніс дақылдарын өсірумен айналысқан, сондықтан оларға жайылымдық жер жеткіліксіз болған. Сол кезде тұрғындар малдарын түгелдей Екібастұз бен Баянауыл өңіріндегі жайлауларға апаратын. Қазір де бар жайылым жерлерді егістік алқапқа айналдыруда. Бүгінгі күнге осы суармалы егістік жерлерге қаржы құйып, көкөніс өсірген инвестор сәтті пайдаланып отыр, сондықтан басшылықтың оның бизнесін жоюға құқығы жоқ.
Ауданның жер тапшылығының басты себептерінің бірі – тұрғындар мен олардың мал санының өсуі.
– Қазір сараптама жүргізіп, қоғамдық жайылымдарды тек төлдейтін малға қалдыру туралы шешімді қарастырып жатырмыз. Биыл бізде Павлодар аудандық әкімдігінің мәліметі бойынша мал басын қайта тіркеуден өткіздік. Құжаттар бойынша төлдейтін малдың саны анағұрлым көп болған, – деп атап өтті спикер.
Жайылым тапшылығының екінші себебі – шөпті өртеу. Кейбір жер пайдаланушылар шабындық жерлерін дер кезінде шаппай, өрттеп жібереді. Егер өрт орман қорына зиян келтірсе, онда адам қылмыстық жазаға тартылады.
– Біз жер заңнамасын қайта қарауды жақтаймыз. Жер теліміне жауапсыз қарайтын болса, ондай адамдардан осы жерлерді тартып алу керек деп есептейміз. Өрт шыққан кезде өсімдіктер ғана емес, жануарлар да зардап шегеді, ал бұл қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді, – деді Мұрат Хамитов.
Бірақ, 2022 және 2024 жылдармен салыстырғанда, бақылаудың күшеюіне байланысты жайылымдарды өртеу әлдеқайда аз болды.