Павлодар облысында 43 елді мекенді су басу қаупі бар
Екі ауданда топырақтың мұзбен қату тереңдігі екі метрден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ТЖД төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы Шакир Ахметов мәлім етті.
– Қазгидромет Павлодар облыстық филиалы бізге берген деректеріне сәйкес биыл жауын -шашын мөлшері өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштері салыстырғанда нормадан 55% - ға жоғары,– деді Шакир Ахметов. –Топырақтың қатуы өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіштерінен 8% - ға жоғары. Әсіресе Шарбақты мен Успен аудандарында топырақтың қатуы өте терең.
Оның сөзінше, облыста жалпы 43 елді мекенді су басу қаупі бар. Оның ішінде 17 ауыл Баянауыл ауданында орналасқан.
– Қарағанды облысының аумағындағы Ащысу өзенінің бөгетінде су толған кезде ол Баянауылға барады. Сондықтан да, сол жерде су тасқыны қаупі бар. Жол картасы аясында 2019 жылы бірқатар іс-шаралар арқасында Қаныш Сәтбаев ауылына су тасқынын алдын алу үшін үйінділер салынып, габиондармен нығайтылды,– деп нақтылады спикер.
Шакир Ахметовтың айтуынша, су тасқыны болуы мүмкін ауылдардың тізімі көпжылдық көрсеткіштерден жиналып, анықталады.
– Күзгі ылғалдандыру бойынша тұрақты талдау жасаймыз. Облыстағы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындау шаралары жазда алдын ала басталған болатын. Яғни, бөгеттерді нығайтып, инертті материалдар алынды,– деді ол.
Жағдай нашарлаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД 26 мың қапшықтар, 37 мың тонна инертті материал, 120 тонна жанар-жағармай материалдар қорын дайындады. Халықты эвакуациялаудың 43 пункті жабдықталады.
Қыс мезгілінің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 600 мың текше метрден астам қар шығарылды. Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар топтамасы дайындалды, оған 1702 адам, 616 техника, 42 жүзу құралы және 198 мотопомпалар кіреді.