Сенбіде Павлодарда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді

Сенбіде Павлодарда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңке өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өткен аптада ауа райының салдарынан жәрмеңке өткізілмеген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 24 ақпанда Торговая көшесі, 2А құрылысында кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі бағалар:

  • сиыр еті - 1700-2100 теңге/кг;
  • қой еті -1900-2100 теңге/кг;
  • жылқы еті - 2300-2500 теңге/кг;
  • шошқа еті - 1600-1800 теңге/кг;
  • шикі сүт - 200 теңге/литр;
  • картоп, сәбіз, пияз - 90 теңге/кг;
  • қырыққабат -110 теңге/кг және т.б. өнімдер.