Павлодарда азаматтар жоқ пәтерге төлем жасаған
Азаматтар тұрғын үйді жалға алмақшы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпараттық желілерді пайдаланушыларға қатысты жасалған заң бұзушылықты «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған.
– Кrishа.kz сайтында пәтерді тапсыру туралы жалған хабарландырулар орналастырған ер адам анықталып, ұсталды. Қоңырау шалушыларға «риэлтор» басқа адамдар тұрғын үйді жалға алатынын айтып, шұғыл түрде алдын ала төлем жасауды сұраған. Алаяқтық туралы білмеген азаматтар қажетті соманы аударды. Ақшаны алған пәтер «иесі» із-түссіз жоғалған, - деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Жедел уәкілдер олардың басқа да өңірлерде жасалған алаяқтыққа қатысы барын анықтауда.