Павлодар облысында А гепатитін жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді

Павлодар облысында А гепатитін жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған инфекциясының жалғыз көзі – науқас адам, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, А вирусты гепатитімен сырқаттанушылық әлемде және Қазақстанда да денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді.

– Бүгінгі күні Павлодар облысында жедел вирусты А гепатитін жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында, екі жағдай жасөспірімдер арасында, – дейді департаментте.

Отбасында және қоғамда энтеральды (ластанған су және тамақ арқылы) берілуі мүмкін гепатиттің таралуын болдырмау үшін А гепатиті бар адам аурудың бірінші күнінен бастап басқаларға қауіпті екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан науқасты мүмкіндігінше ертерек басқалардан оқшаулау маңызды. 

Мамандар қайнамаған суды ішпеуге, жемістер мен көкөністерді үнемі жууға, өнімдерді термиялық өңдеуге кеңес береді.