Қазақстанда дәрілік қамтамасыз ету тізбесі 22 заманауи препаратпен толықты.
Олар 14 ауруды емдеуге арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жаңадан анықталған пациенттерді дәрімен қамтамасыз ету және емдеу барысындағы үзілістерге жол бермеу үшін препараттардың азайтылмайтын қоры да ұлғайтылды. Ол сатып алынатын дәрілердің жылдық жалпы көлемінің 35 пайызына дейін жетеді.
Сонымен қатар, дәрілік препараттарды өңірлер мен медициналық ұйымдар арасында жедел қайта бөлу тетігі қарастырылған.
Жалпы, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету аясында 76 ауру бойынша 2,1 миллион пациентке шамамен 245 миллиард теңгенің дәрісі беріледі.