Павлодар облысында арнайы техникалар жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталған ба?
Шөп жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ережелері айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жыл сайын шабындық алқаптарда, ауылшаруашылық кәсіпорындары жем-шөптерді жинау жұмысымен айналысады. Ал азықты сақтау орындары өрт шығуына бейім орындар қатарына жатады. Атап айтқанда, аталмыш өрттердің бірі ағымдағы Павлодар ауданы Заря ауылында болды. Ашық аумақта 3000 дана көлемінде тюкталған шөп жанған. Өрттің себебі найзағай разряды болып табылды.
Облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Мейрам Көшенширеков осындай жағдайларды болдыртпау мақсатында, өңірдің аумағындағы орманды және демалыс орындарында ТЖД қызметкерлерімен 1312 бірлескен рейд жүргізіліп, 193 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Іс-шара барыснда жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам айыппұл салынған.
– Профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін, шабындық алқаптарда өртке жол бергені үшін 313 мың теңгеден астам сомаға 34 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Мейрам Көшенширеков. Бұл ретте, шөп маялары жер жырту шетінен кемінде төрт метр, ғимараттардан немесе құрылыстардан кемінде 50 метр, автожолдар мен электр беру желілеріне дейін 20 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Маялар арасындағы қашықтық кемінде 20 метр, маялар негіздерінің ауданы 150 шаршы метрден аспауы керек.
Шөп жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Атап өтерлігі, шөп жинауға тартылған барлық ауыл шаруашылығы техникасы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс.
– Ертіс орманындағы өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болған жыл сайын ауыл шаруашылығы жұмыстарының басталуымен шабындық алқаптарда және ірі жемшөп сақтау орындарында өрттердің саны артып келеді. Бұл ретте, Ертіс ормандағы Майқарағай ауылында болған өртті айтуға болады. Ашық алаңда құрғақ шөп пен 2,5 тонна жем-шөптің жануы орын алды. Өрттің себебі –жарамды ұшқын сөндіргіштері бар жем-шөпті тасымалдау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болды, – деді спикер.
Аталмыш факт бойынша 367-баптың үшінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 184 мың теңге сомасына айыппұл салынған.
Осы орайда, шабындық кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларына және шабындықпен айналысатын жеке тұлғаларға жүктеледі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс аумағында орман өрттерінің 32-і жағдайы тіркелген.