Павлодарлықтарға бала мен әйел гигиенасы саласында бизнес құруды үйретеді

Павлодарлықтарға бала мен әйел гигиенасы саласында бизнес құруды үйретеді
Фото: pexels.com

Келушілерді ұтыс ойыны мен тікелей өнім жеткізушілерімен таныстыру күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, аталмыш шеберлік сағаты 26 сәуір күні сағат 13:00-де жастар орталығында өтеді.

– Кездесуде көтерме дистрибьютор, Beoone компаниясының аға серіктесі, Солтүстік өңір бойынша аймақ директоры Жәнібек Шахзадин, «Du_lu_lu.kz» балалар тауарларын жеткізу дүкенінің иесі, «Мама знает» балалар жөргектері брендінің басты серіктесі, «Жөргек бизнесі» авторлық курсының тәлімгері Айнұр Ташубаева, «Podguzniki_moi_medok» балалар және әйелдер гигиенасы бойынша бөлшек сауда дүкенінің иесі, EVA әйел гигиенасы брендінің көшбасшысы Раушан Аюпова сөз сөйлейді, – дейді жастар орталығының баспасөз қызметі.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.

Шеберлік сағатына тіркелу үшін +7(776)737-30-67 WhatsApp нөміріне жазу қажет.