Павлодар ауданының тұрғындары ғашығымен түскен фотоны жариялап, сыйлық ұта алады

Павлодар ауданының тұрғындары ғашығымен түскен фотоны жариялап, сыйлық ұта алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне арналған байқауға 18-35 жасқа дейінгі жұптар қатысуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданы «Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығының Instagram парақшасында жас жұптар арасында онлайн байқау жариялайды. 

Фотосурет сапасы жоғары болуы тиіс. Қатысушылар жұбымен түскен фотосын және таныстық туралы қысқаша мәліметті 8 (777) 270-02-51 нөміріндегі WhatsApp арқылы жіберу қажет.

«Ең үздік жұп » номинациясы лайк пен пікір жинау арқылы және әділ қазылар алқасының шешімі бойынша анықталады. Лайк пен пікір жинау 16 cәуір күні сағат 17:00 де тоқтатылады. Байқаудың үздік қатысушылары диплом мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Байқау қортындысы дәл сол күні сағат 18:30-де @jbdo_olzha Instagram парақшасында жарияланатын болады.