Павлодар облысында осы аптада қатты аптап ыстық күтіледі
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 20-23 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметінше, 8-13 маусым аралығында Павлодар облысында нөсерлі жауын-шашын күтіледі.
9 және 10 маусым күндері түнгі температура +17…+22°С, күндіз +32…+37°С болады деп болжануда.
11 және 12 маусымда ауа температурасы сәл төмендейді: түнде +15…+20°С, күндіз +28…+30°С.
Сенбі және жексенбі күндері өңірде түнде +18°С, күндіз +28°С шамасында болады деп күтіледі.