Павлодар облысында тұрғындар онкология бойынша тегін кеңес ала алады

Павлодар облысында тұрғындар онкология бойынша тегін кеңес ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл әр ай сайын ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» аясында іске асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Онкологиялық диспансер директорының орынбасары Әсел Асқарованың айтуынша, медициналық мекеме қабырғасында ай сайын «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Былтыр аталмыш шара аясында 909 адамға тегін кеңес берілген.

– Біз әркез емделушілер мен өңір тұрғындарына ашықпыз. Біздің мамандар ай сайын адамдарға қатерлі ісік жайында, оның алдын алу мен ерте анықтау туралы тегін кеңестер беріп келеді. Сонымен қатар, өңірде 15 мобильді паллиативтік бригада жұмыс істейді, – деді ол.

Онколг дәрігердің айтуынша, Павлодар қаласын – хоспис қамтыса, Екібастұзда – 3, Ақсуда – 1 және қалған 10 ауданның әрқайсысында 1 бригададан бар. 

2025 жылы мобильді бригадалар 7149 рет үйге шақырту алған. Олар науқастың үйінде медициналық көмек көрсетеді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді әрі қажет болса аудандық онколог та қатысады.

Айта кетелік, 14 ақпанда барлық локолизация бойынша дәстүрлі ашық есік күні өтеді. Мұнда азаматтар сақтандыру мәртебесіне қарамастан келіп, тегін кеңес ала алады.