Павлодарда ескерткіштің айналасы абаттандырылды
Жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жасыл ел» облыстық штабы Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімімен және жауынгерлермен бірлесіп, акция аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштің айналасын абаттандыру бойынша сапар ұйымдастырды.
– Іс-шараға қатысушылар аумақты қоқыстардан тазартты. Сондай-ақ, ескерткіштің элементтерін бояп, сүртіп, тазалықты сақтауға және тарихи жадыны сақтауға өз үлестерін қосты, - деді штаб мүшелері.
Қатысушылар қаланы таза ұстауға, осындай іс-шараларға белсенді болуға шақырады.
Айта кетейік, Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабы республика бойынша үздік нәтижелер көрсетуде. Жыл сайын жұмыс істеуге мүдделі жастар саны артып келеді. Олар қаланың құрылыс объектілеріндегі құрылыс инженерлеріне, технологтарға, монтаждау-құрылыс жұмыстарының шеберлеріне көмектеседі, қала маңындағы «жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, көшеттерді қопсыту және суару, саябақтардың жасыл желектерін күту, аумақтарды жинау жұмыстарына қатысады.