Павлодарда жергілікті өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда жергілікті өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: жасанды интеллект

Келушілерге ет, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс тұрғындары мен қала қонақтары үшін дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жалғасуда. Осы сенбі күні аймақта бірнеше жәрмеңке ұйымдастырылады.

Шара Космонавтар мен Торговая көшелерінің қиылысында өтеді. Мұнда Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Келушілерге ет, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, бал, ұн және нан-тоқаш бұйымдары сияқты түрлі тауарлар нарық бағасынан төмен бағада сатылады. Бұл – тұрғындар үшін тиімді сауда жасауға, ал шаруалар үшін өз өнімдерін делдалсыз өткізуге тамаша мүмкіндік.

Айта кетсек, сенбі күндері осындай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады