Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Радиозавод шағын ауданы;
- «Е», «Ж», «К», «Л», «М» өтпе жолдары.
Сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін:
- Архангельская көшесі, 1/11 («Закусочная» дүкені);
- Архангельская – Заслонов – Сахалинская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.