Павлодарда алдағы күндері 300-ге жуық үйге ыстық су беріледі
Бұл жылу желілерінде зақым анықталмаған үйлер, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ЖШС мәліметінше, 2-11 мамыр аралығында Павлодарда жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын жылу желілерінде гидравликалық сынақтар өткізілген. Сынақ жүргізу кезеңінде 2-5 мамыр аралығында Оңтүстік желілік ауданда, 6-11 мамыр аралығында Солтүстік желілік ауданда ыстық сумен жабдықтау болмаған.
– «Қазақстан алюминий» АҚ ЖЭО-1, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ЖЭО-2, ЖЭО-3-тен жылу алатын желілердің температуралық және гидравликалық режиміне сынақтар жүргізу қорытындысы бойынша жалпы 321 зақым анықталды. Оның ішінде 70 – магистральдік, 251-кварталдық. Жылу желілерінен қуат алатын көпқабатты тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен ыстық суға қосу басталды. Бұл учаскелерде сынақ қорытындысы бойынша зақым анықталған жоқ. Алайда, ыстық суды іске қосу кезінде жаңа зақымдар анықталуы ықтимал, – деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженері Сергей Панихин.
Жылу берушілердің айтуынша, сынақ сәтті өткен. Ерте сатыда зақымдануды анықтау коррозияға бейім учаскелерді жөндеуге көбірек уақыт береді, осылайша алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында зақымдану қаупін барынша азайтады.
Бүгінгі таңда қала әкімдігінен мердігерлік ұйымдар зақымдануды жоятын орамішілік желілерде 150-ге жуық нысанды анықтаған. Бүгінгі таңда 36-ға жуық зақымдануды жойған.
– «Павлодар жылу желілері» ЖШС мамандары бірінші кезекте магистральдық жылу желілеріндегі зақымдарды жояды. Бүгін магистральдық желілерді жөндеу жұмыстары басталды. Алдын ала болжам бойынша, алдағы бірнеше күнде жылу желілерінде зақым анықталмаған 300-ге жуық үйді ыстық сумен жабдықтауға қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қаланың төрт шағын ауданындағы жылу желілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп атап өтті Сергей Панихин.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша 5 маусымға дейін анықталған ақауларды жойып, қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету тапсырылған.