Павлодарда автобус маршруттарының қозғалыс схемалары өзгереді

Павлодарда автобус маршруттарының қозғалыс схемалары өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол бөлігін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні Ломов көшесінен Гагарин көшесіне дейін Қамзин көшесінде шұңқырды жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты №2, 5, 9, 10, 11, 11а, 27, 52, 55, 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгертілетін болады.

Қозғалыс Гагарин көшесімен Ворушин көшесіне шығумен, Ломов көшесіне бұрылыспен екі бағытта жүзеге асырылатын болады.