Павлодарлық бишілер қарсыластарына дес бермеді

Павлодарлық бишілер қарсыластарына дес бермеді
Фото: Білім бөлімі

Өнерпаздар республикалық турнирден облыс қоржынына бірден үш жүлде салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түркістаннан қаласында республикалық хореографиялық фестиваль өтті. Облыс атынан Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы бейіндік мектебінің 3-5-сыныптардың 11 оқушысынан тұратын би ұжымы қатысты. Халықаралық байқау-фестиваліне Қырғызстан, Татарстан және Қазақстан қалаларының ұжымдары қатысты.

Тұғырдағы барлық орындарды – бас жүлде, бірінші және екінші орындарды  жерлестеріміз иеленді.  

– Біз екі халық биін ұсындық. Қазылар алқасында өз ісінің мамандары отырды, – дейді мектеп хореографы Олеся Мельнова. – Біз Ташкентке баруды, және тек осы қыздарға ғана емес, жасы кішірек құрамды да апаруды жоспарлап отырмыз.  

Айта кетейік, жас бишілер кубоктармен, медальдармен, атаулы грамоталармен марапатталды және 2024 жылғы тамызда Ташкент қаласында өтетін халықаралық фестивальге тегін қатысуға жолдама алды.