Павлодарда белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзды

Павлодарда белгісіз адамдар банктің қабырғасын бұзды
Фото: куәгерлер ұсынды

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желіде Естай, 40 мекенжайында орналасқан Halyk bank бөлімшесінде қабырға бұзылды деген хабарлама таралды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. 

– 11 қарашада сағат 9:30-да полицияға банктердің бірінің филиалында қабырғаның бұзылғаны анықталды деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция департаментінің басшылығы мен жедел-тергеу тобы келді,– деді департаментте.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.