Павлодарлық құтқарушыларға жылжымалы жедел әрекет ету көлігі табысталды

Павлодарлық құтқарушыларға жылжымалы жедел әрекет ету көлігі табысталды
Фото: Константин Шелков

Көлік бірден екі ауданға – Тереңкөл мен Ертіске қызмет көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірде 2023 жылға дейін құтқарушылар 3764 операция өткізіп, 411 өртті сөндірді және 465 адамды құтқарды. Олардың жұмысын жақсарту мақсатында жыл сайын құрал-жабдық пен арнайы техниканы жаңартып отырады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы жаңадан келген автономды өрт сөндіру бөлімі, апаттық медицина орталығының көлігі, жедел әрекет ету көлігін қала әкіміне таныстырды.

– Шағын елді мекендердегі өрттер мен кез-келген күрделі апаттар кезінде жедел әрекет ету көлігін пайдалануға болады. 500 литр су қоры бар. Келесі жылы біз JAK маркалы штабтық көлікті сатып аламыз деп жоспарлап жатырмыз, –деді облыстық ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашев. 

Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері өрт сөндіргіш автосатысын көрсетті.  Шлангты 32 метрге дейін ұзартып, бір мезетте төрт жерде су немесе көбікпен өрт сөндіруге болады. Бұдан бөлек, өрт сөндірушілердің арсеналына газ бен түтіннен қорғайтын құрылғы қосылды.

Жаңадан келген жылжымалы өрт сөндіру бөлімі көлігінде үлкен өртті сөндіру кезінде оттегі баллондарын жылдам толтыру үшін қосалқы баллондар және компрессорлармен жабдықталған. Бортта түтін шығарғыш, темір кедергілерді ашуға арналған гидравликалық құрал-жабдық, қою түтінде жұмыс істеуге арналған жарықтандыру құрылғылары бар.

– Сонымен қатар, көлікте қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген: оттегі аппараты, дефибриллятор және шиналар. Яғни, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жеткілікті жабдықтар болып саналады.  Көлік сәл биік. Сондықтан да, медицина қызметкерлер үшін жұмыс істеуге қолайлы–  төсек тартып жатқан екі адамды орналастыруға болады, – деді апаттар медицинасы орталығының фельдшері Сергей Русинко. 

Облыстық ТЖД басшысы Жасұлан Жұмашев Павлодар облысының құтқарушылары жақсы жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 

Кейіннен қала әкімі Хасар Хабылбеков ардагерлер мен құтқарушыларды мерекемен құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті. 

Еске сала кетейік, 19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні аталып өтеді.

Фото: Константин Шелков