Екібастұзда тұңғыш рет опера әншілері бірлесіп өнер көрсетеді
Кеш 5 маусымда «Өнер» қалалық мәдениет сарайының сахнасында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шараның мақсаты – классикалық музыка жанрын дәріптеп, көрермендерді рухани байыту. Өнер кешінде белгілі отандық және әлемдік композиторлардың аспаптық шығармалары, романстар мен әндері орындалады.
Бұл ән кешінің басты ерекшелігі Екібастұздың барлық опера әншілері тұңғыш рет топтасып өткізгелі отыр.
Концерттік бағдарламада республикалық және облыстық байқаулардың лауреаттары Алмас Мұқатай, Мақсат Қасенов, Бауырбек Бектеміров, Юлия Покровская, Лейла Сейсенбаева өнер көрсетеді.
Басталу уақыты: сағат 19:00-де. Билеттер «Өнер» ҚМС-ның кассасында сатылады. Билет құны: 2000-5000 теңге.