Павлодарда моншадан өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1 сәуір күні 112 пультіне Павлов көшесінде орналасқан монша кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберіліп, кешеннің бу бөлмесінде шыққан өртті жедел түрде сөндіруге кірісті.
– Барлау барысында өрт сөндірушілер көлемі 27 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Құтқарушылар келгенге дейін 10 адам өздігімен көшеге шығып үлгерген, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.