Павлодарда сабақ кезінде құрысып қалған 14 жасар балаға телефонмен көмек берілді
Диспетчер мұғалімге алғашқы минуттарда балаға қалай көмектесуге болатыны туралы нұсқау берді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, «қоңырауды ұстау» әдісі төрт жылдан бері қолданылып келеді және оның тиімділігі жоғары. Жыл басынан бері өңірде 4 мыңға жуық шақыруда «ұстап тұру» әдісі қолданылған.
Өткен аптада 103 қызметінде «қоңырауды ұстап тұру» әдісі өткізілді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жедел жәрдемге хабарласып, сабақ үстінде 14 жасар балада құрысу белгілері басталғанын айтқан. Медициналық топ жеткенге дейін диспетчер мұғалімге алғашқы минуттарда балаға қалай көмектесуге болатыны жайлы нұсқау берген.
– Мұндай жағдайлардың әрқайсысына қатысты нақты іс-қимыл алгоритмі қарастырылған, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая. – Бұл шұғыл көмек көрсету ережелері туралы білмейтін адам да біздің диспетчердің кеңестерінің арқасында жүрегі ауырған немесе күйік шалған науқасқа көмектесе алады дегенді білдіреді. Осылайша пациентті құтқару үшін кейде қажет болатын құнды уақытты ұтып аламыз.
103 диспетчерлері тіпті босануға да көмектеседі. 2023 жылы жедел жәрдем қызметкерлері 9 жағдайда әйел адамдарды үйде босандырып алған. Олардың үш жағдайында «қоңырауды ұстау» тиімді қолданғаннан кейін бала дүниеге келген.
Станция диспетчерлері дәрігерлер мен фельдшерлер сияқты үздіксіз біліктіліктерін арттырудан өтеді. Бұл «қоңырауды ұстаудың» технологиялары мен қыр-сырын үйретуге де қатысты.