Ақсу әкімі жұмыс сапарымен шаңғы базасына барды
Айналу барысында жарықтандыру мәселелері анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала басшысы Болатбек Шәріповтің мәлімдеуінше, нысан қысқы спорт түрлерімен айналысатын спортшылар мен әуесқойлар үшін белсенді пайдаланылады.
– Қалалық шаңғы базасында шаңғы жарысы және биатлон бөлімшелері жұмыс істейді. Ауланы айналу барысында аумақтың жарықтандырылуына қатысты мәселелер анықталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру жөнінде тапсырма берілді. Бұл спортшылардың қауіпсіздігі мен жайлы жаттығу жағдайларын қамтамасыз ету үшін маңызды, – деп жазды әкім Instagram парақшасында.
Сондай-ақ Болатбек Шәріпов қалалық емхананың жабық өткел-галереясының құрылыс барысын тексерді. Әкімнің айтуынша, нысан құрылысы аяқталу сатысында, жұмыстардың 93%-ы орындалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram