Екібастұзда мас ер адам шылым шегемін деп өртеніп кете жаздады
Ол өзінің абайсыздығынан ауыр күйік алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші 14 қарашаға қараған түні абайсыздықтан күйік алған. Ол мас күйінде Екібастұз қаласындағы М.Жүсіп көшесіндегі үйдің ауласына темекі шегуге шықты. Оның сыртқы киімінің қалтасында болған ішімдік киімге аздап төгілді. Ер адам темекі шегіп еңкейгенде, сыртқы киімі бірден лапылдады.
Қала тұрғыны өртенген киімдерін шешіп үлгерді, содан кейін үйден су әкеліп, отты сөндірді. Нәтижесінде Екібастұз қаласының тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Ер адамның денесі шамамен 20%, кеуде, иық және жамбасын термиялық күйік шалды. Сондай-ақ, ол белгісіз заттан уланған.
Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертеді.