Павлодарда Сауда және интеграция бірінші вице-министрі тұрғындармен кездеседі

Павлодарда Сауда және интеграция бірінші вице-министрі тұрғындармен кездеседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір тұрғындары мен кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

26 қарашада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Павлодар облысының тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізеді.

Іс-шара Академик Сәтбаев көшесі, 104 мекенжайында орналасқан С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ұйымдастырылады.

Кездесу сағат 14:30-дан 15:30-ға дейін жалғасады.

Бірінші вице-министрдің жеке қабылдауына жазылу немесе өзекті мәселелерді алдын ала жолдау үшін Алмаз Джарасовқа +7 771 010 06 00 нөмірі арқылы хабарласуға болады.