Екібастұзда су құбырларына дезинфекция жүргізіледі

Екібастұзда су құбырларына дезинфекция жүргізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыстар бірнеше күнге жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Горводоканал» МКК баспасөз қызметінің мәліметінше, су құбырлары желісінде профилактикалық дезинфекциялау жұмыстары 19-22 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Осыған байланысты қала тұрғындарына суды тұнбаға отырғызғаннан кейін ғана қайнатып ішу, жасыл желектерді суармау және мал суаруға қолданбау ұсынылады.

Қосымша ақпаратты кәсіпорынның диспетчерлік қызметінен мына телефондар арқылы алуға болады: +7 (7187) 34 78 27, +7 (7187) 77 50 39.

WhatsApp нөмірі: +7 (775) 353 21 07, абоненттерді қолдау қызметі: +7 (7187) 77 50 44, +7 (7187) 77 50 45.