Павлодардың бірнеше тұрғын үйлерінде жарық болмайды

Павлодардың бірнеше тұрғын үйлерінде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Назарбаев көшесі, 204;
  • Рафик Нұртазин көшесі, 2;
  • Димитров – Архангельская – Салтыков-Щедрин – Таллинская көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер.