Павлодарда келесі аптада кейбір үйлерде су болмайды

Павлодарда келесі аптада кейбір үйлерде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ысырмаларды ауыстыру және су құбырының апаттық учаскесін жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 наурыз күні сағат 3:00-ден 19:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:

  • Академик Шөкин көшесі, 42;
  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 280 (4 және 5 подъезд).

Аталған жұмыстар сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған. Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды.