Павлодар облысында ҰОС ардагеріне мемлекеттік төлем орнына демеушілер қолдау көрсетті
Облыс аумағында бүгінгі таңда бес ҰОС ардагері тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Павлодар ауданында тұрады. Ал Ертіс ауданындағы жалғыз ардагер Қазақстан Республикасының азаматы болмағандықтан, бюджет қаражаты есебінен берілетін бес миллион теңгелік біржолғы төлемді ала алмайды.
Бұл ардагер – Ертіс ауылында тұратын әйел адам. Соған қарамастан, ол мерекелік қолдаудан тыс қалған жоқ. Оған демеушілер есебінен бір миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ардагерге әлеуметтік және медициналық қызметтер толық көлемде көрсетіліп келеді. Облыс әкімі де дәстүрлі түрде оны мерекемен құттықтап, арнайы барып тұрады.
Айта кетейік, өңірдегі басқа ҰОС ардагерлеріне бес миллион теңге көлемінде біржолғы төлем толық көлемде төленген.