Павлодарда жас ұстаздарға арналған форум өтті
Оған облыстың түкпір-түкпірінен 250 жас педагог қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтарға арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» IV облыстық форумын ұйымдастырды.
Сондай-ақ, форум аясында тоғыз әдістемелік алаң ұсынылды. Бұдан бөлек, тәжірибелі мұғалімдер қызықты тренингтер, пікірталас алаңдары мен шеберлік сыныптарын өткізді.

«Педагог, Мамандық, Шақыру» атты форумының планаралық отырысына Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Ризат Рахымжанов, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» 3-курс докторанты Арсланбек Мұхаметқайыров және «Халық Радиосының» журналисі Гүлайым Тасова, 40 ЖОББМ мұғалімі, блогер Игорь Гноев қатысты.
Айта кетейік, іс-шара аясында ұйымдастырылған «Білім берудегі менің инновациям» облыстық байқауының жүлдегерлеріне марапаттау рәсімі өткізілді.