Павлодар облысының әкімі Железин ауданының тұрғындарымен кездеседі

Павлодар облысының әкімі Железин ауданының тұрғындарымен кездеседі
Фото: Валерий Бугаев

Кездесу  14 сәуір күні сағат 11.00-ге жоспарланып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Железин ауылының Қ. Әлсейітов атындағы мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Железин ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді. 

Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетерлігі, эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қолжетімді болады.