Павлодарда жастар премиясына өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды
Дәстүрлі «Тәуелсіздік ұрпақтары премиясы» байқауына өтінімдерді қабылдау 5 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«New vision team» ҚҚ хабарлауынша, байқаудың негізгі мақсаты Павлодар облысының дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан дарынды жастарды қолдау болып табылады. Премия бекітілген 10 номинацияға сәйкес беріледі:
«Білім және ғылым», «Ауыл шаруашылығы қызметкері», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Медицина», «Өндіріс қызметкері», «Кәсіпкерлік», «Ерлігі үшін», «Волонтерлік» және «Мәдениет».
– Премия алуға халықаралық, республикалық конкурстардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, берілетін номинацияларда көрсетілген түрлі салалар саласындағы жүлдегерлер мен жеңімпаздар, сондай-ақ қызметтері инновациялық болып табылатын, өңірімізге және қоғамға елеулі пайдасын тигізген, тиісті саланың дамуына ықпал ететін 14-35 жас аралығындағы кандидат жастар үміткер бола алады, – дейді ұйымдастырушылар.
Қатысушы құжаттарды белгіленген тәртіпке сәйкес М.Жүсіп көшесі, 189, төртінші қабат, 412 кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырады. (Дүйсенбі - жұма күндері, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.