Павлодарда көшет отырғызу басталды
Бүгін шаһар көшелеріне 40 жас қайың отырғызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ағаш отырғызу бойынша экологиялық акцияны ұйымдастырды.
Аула тұрғындары, қалалық мәслихат депутаты Гүлзира Атабаева, қаланың белсенді жастары және ЖБДО еріктілері Павлов көшесі, 93/1, Ломов көшесі, 154/3, Павлов көшесі, 96/5, Ломов көшесі, 152/2, Ломов көшесі, 156/2 мекенжайы бойынша 40 жас қайың отырғызды.
– Бүгін біз акция аясында көшет отырғызу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл жұмыстар болашақта қаламыздың экологиясына үлес қоссын деген ниетпен атқарылуда, – дейді әлеуметтік жобалар қорының басшысы Ербол Кеңгербаев.
Еске сала кетейік, «Жасыл аймақ» апталығы аясында облыста 565 түрлі көшет - қарағай, мамыргүл және қайың отырғызылады.