Павлодарда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші темір тұлпарынан айырылды
Ал ер адамның алдағы тағдырын сот шешеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласында тәртіп сақшылары Толстой - Кіші айналма көшелерінің қиылысында Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде алкогольдік масаңдық белгілері бар ер адам болған.
— Тексеру барысында жүргізушінің 2023 жылдың шілде айында көлік құралдарын басқару құқығынан 2030 жылға дейін айырылғаны анықталды, - делінген хабарламада.
Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша ер адамның орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдық жағдайында болғаны анықталды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.