Павлодарда жазғы лагерь оқушыларына судағы қауіпсіздікті үйретті
Тренингті ЖБДО мен ТЖД қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, түсіндіру барысында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының оқушылары судағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін, өз мүмкіндіктерін бағалай білуді және қоршаған ортаның ерекшеліктерін ескеруді үйренді.
ТЖД қызметкерлері оқушылармен төтенше жағдай кезінде алғашқы шұғыл көмекті қалай көрсету керектігін, адамды суда құтқарудың негізгі әдістерін, құтқару құралдары мен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерін талқылады.