Павлодарлықтар су есептегіштерінің көрсеткіштерін ыңғайлы жолмен тапсыра алады

Павлодарлықтар су есептегіштерінің көрсеткіштерін ыңғайлы жолмен тапсыра алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрсеткіштерді әлеуметтік желілер арқылы тапсыруға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындары су есептегіштерінің көрсеткіштерін call-орталық: +7(7182)66-10-10 (сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоса), Telegram чат-боты: @PavlodarVodokanalBot, WhatsApp чат-боты: +7(747)806-95-57, бірыңғай есептеу орталығының Direct аккаунты: @erc_pavlodar арқылы тапсыра алады.

Хабарламаға мекенжай бойынша жеке шот нөмірін және ағымдағы айдағы су тұтыну көлемін енгізу керек.

Ведомство көрсеткіштерді қабылдау есепті айдың 20-сы мен соңғы күні аралығында жүзеге асырылатынын еске салады.