Павлодарда үйдің шатыры өртенді

Павлодарда үйдің шатыры өртенді
Фото: ТЖД

Аталмыш өрт оқиғасына 20-ға жуық құтқарушы жұмылдырылды,  деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала көшелерінің бірінде жеке тұрғын үйдің шатырының ағаш конструкциялары өртке оранған. Сағат 12:38-де хабарланған өртті құтқарушылар 13:20-да ауыздықтаған. Толығымен өрт 13:43-те сөндірілді. 

Аталмыш өртке ТЖД-ның 18 өрт сөндірушісі, 5 бірлік техника және медициналық қызметкерлер жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы 130 шаршы метрді құрайды. 

Айта кету керек, оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.