Павлодарлық студент Швейцарияда мейрамхана ісін үйренді

Павлодарлық студент Швейцарияда мейрамхана ісін үйренді
Фото: Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Санкт-Галлен қаласында әлемдік чемпионаттың «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігінің барлық модульдері бойынша практикалық курс ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, сервис және тамақтану колледжінің студенті, Worldskills2024 Әлем чемпионаты ұлттық құрамасының мүшесі Артур Лейман Швейцарияда оқытудан өтті.

Бұл мүмкіндікті Артурға колледждің әлеуметтік серіктестері – «Ертіс» қонақ үй-мейрамхана кешені, «Крендель» ЖШС, «ERG-сервис» ЖШС, «Сантос» дәмханасы ұсынды.

Ол Нидерланды, Швейцария, Барбадос, Италия, Үндістан, Ұлыбританиядан келген бәсекелестерімен танысты.

Чемпионатқа дайындықтың бірінші кезеңі – тілдік коммуникация және еуропалық деңгейдегі конкурстық бейімделуден өтті.