Павлодарлық оқушылар бұрынғы әскери жетекшісін еске алды

Естай Әлібековті еске алуға арналған әскери-спорттық эстафета өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен № 39 ЖОМ базасында қала мектептерінде жұмыс атқарған әскери жетекшісін еске алды.
Мақсаты - адамгершілік және патриоттық тәрбие, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне үлес қосқан адамдарды білу, әскери істі оқыту, әскерде қызмет етуге дайындық.
Эстафетаға 19 жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбының 95 оқушысы қатысты.
– Қатысушылар АК-74 бөлшектеу және құрастыру, оқу патрондарын разрядтау және даярлау, оқ-дәрілер салынған қорапты бауырлап жылжу арқылы, жәбірленушіні зембілмен тасымалдау түрінде кедергілерді еңсерді, – дейді жарыстың бас төрешісі, мектептің алғашқы әскери техникалық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Ринат Оразалинов.
Бас төрешінің айтуынша, оқушылар әскери-спорттық кедергілерді еңсеруді қамтитын тапсырмаларды тамаша орындай отырып, дене шынықтыру дайындығын, командалық рухты көрсетті.
Эстафета қорытындысы бойынша жалпы командалық I орынды № 39 ЖОМ командасы, II орынды Малайсары батыр атындағы ЖОМ командасы, III орынды № 17 ЖОМ командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдерімен марапатталды.